МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ДАЙЫНДАЛҒАН ҮЗДІК СОТ АКТІЛЕРІ МЕН ХАТТАМАЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облыстық сотында судьялар арасында «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот актісі» және сот отырысы хатшылары арасында «Мемлекеттік тілде даярланған үздік сот хаттамасы» байқаулары өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік тілде сауатты және заң терминологиясы мен әдеби тіл нормалары сақтала отырып жазылған үздік сот актілерін және сот отырысының хаттамаларын байқау комиссиясының мүшелері анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот үкімі» номинациясымен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыров, «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот шешімі» номинациясымен Арал аудандық сотының судьясы Дархан Кентбаев, «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот қаулысы» номинациясымен Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Шалхар Қожантаев марапатталды.
«Мемлекеттік тілде даярланған үздік сот хаттамасы» номинациясы қылмыстық істер бойынша Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Асыл Ізтілеуова, азаматтық істер бойынша Сырдария аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Нұрхан Әбдікәрімге берілді.
Шынар БЕКБАН