ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамтуды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен, құқықтық ақпараттармен таныстыру мақсатында желтоқсан айының 5-7 күндері Сырдария ауданы және Тасбөгет кентінде қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Жаппарбергенов Рахметулла, бірлестік менеджері Еңсебаев Азамат, «Тұрғынүйқұрылыс жинақ» банкінің кеңесші қызметкері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі, мемлекеттік еңбек инспекциясының маманы және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысып, жастарды мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді.