ЕРКІН ЕЛДІҢ ҚҰРДАСЫ
Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, азаттықтың ақ таңы арайлап атқанда дүние есігін ашқандардың бірі Нұржан Ибраев. Тәуелсіз елімен бірге түлеген Нұржан қазір Қазақстан полициясы сапында қызмет етеді.
«Тәуелсіздіктің құрдасы атану мен үшін үлкен мәртебе, мақтаныш. Мен Тәуелсіз Қазақ елінде тудым, ашық аспан астында өмір сүрудемін. Сан мыңдаған жылдар бойы ата-бабамыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп жеткен Тәуелсіздіктің маңызын, ұлан байтақ жерімнің құндылығын өте жақсы білемін. Бала кезімнен халқымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғасам екен, тәуелсіздігіміздің қорғаны, еліміздің мықты қалқаны болсам екен деп армандадым. Міне, осы жүрек түбіндегі балалық арманым орындалып, Қазақстан полициясы сапында қызмет етудемін»,– дейді ол.
2011-2012 жылдар аралығында Алматы қаласы Заречный елдімекенінде орналасқан 7552-әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышымды өтеп келген ол 2014 жылы Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітірді. Ішкі істер органдарындағы алғашқы қызметін техникалық қызмет басқармасының инженері ретінде бастап, қазір полиция аға лейтенанты шенінде қызмет етіп келеді.
Жауапкершілік жас жігітті ширатты. Ақ пен қараның, жақсы мен жаманның ара жігін айырып, білікті де білімді ағаларына қарап бой түзеді. Алғаш келгеннен қамқорлық танытып, жол сілтеген алдыңғы буын өкілдерін өзіне ұстаз тұтты. Солардың бірі – Қалдыбек Бектұров. Саладағы қызмет өтілі 20 жылдан асатын Қалдыбек біздің кейіпкеріміздің қалыптасуына ықпал еткен маманның бірі.
«Міне, ішкі істер органдары саласында қызмет еткеніме де 3 жылдай уақыт болыпты. Қазақстан Республикасымен бірге өсіп, өркендеп, жетіліп келе жатырмын. Қазақстанның әр жетістігінің, тарихи жаңару сәттерінің куәсімін. Қазақ елінің әлем сахнасындағы беделінің зор екендігіне, аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси жетістіктерге қол жеткізгеніне Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мақтанамын. Әлі де талай белестерді бағындырып, дамыған елдердің қатарынан бой көрсетіп, халқымыздың әл-ауқаты жақсара түсетіндігіне сенімдімін. Ал, осы белестерді бағындыруда бақытты елдің ұрпағы ретінде титтей де болса үлес қосып, Қазақстан Республикасына, халқына абыройлы қызмет еткім келеді»
Бұл – Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп өскен егемен елдің құрдасы, антына әрдайым адал болуды мақсат еткен Ибраев Нұржанның сөзі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі