СОТ ТӨРАҒАСЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбу Айбек 9 айдың қорытындысын жасады.
Баспасөз маслихатында сот төрағасы БАҚ өкілдерін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылдың 9 айының қорытындысымен таныстырды.
Сот өндірісіне 98 адамға қатысты 79 қылмыстық іс, 244 талап арыз (арыз), 2 азаматтық іс соттылығы бойынша және 398 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскен. Түскен қылмыстық істердің 85 адамға қатысты 66 қылмыстық ісі қаралып аяқталса, қозғалған 231 азаматтық істің 207-і шешім шығару арқылы аяқталған. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот өндірісіне 398 әкімшілік іс түскен. Аталған әкімшілік істердің 357-не өз дәрежесінде әкімшілік айыппұл салынса, 34 әкімшілік іс өндірістен қысқартылды. 2 іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылған.
Осы кезеңде соттың 2 қылмыстық іс бойынша үкіміне апелляциялық, кассациялық шағымдар келтіріліп, нәтижесінде сот үкімі күшінде қалдырылса, азаматтық істер бойынша 11 сот шешіміне апелляциялық шағым, 1 ұйғаруына апелляциялық жеке шағым, 3 әкімшілік іс бойынша сот қаулыларына апелляциялық шағымдар келтірілген. Сот актілері күшінде қалдырылған.
Қылмыстық істердің басым көпшілігі ұрлық, тонау және бұзақылық қылмыстары құраса, азаматтық істердің басым көпшілігі бала асырап алу 58,2%, ата-аналық құқығынан айыру 13,5%, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау 11,5%, баламен кездесу уақытын белгілеу жайлы 8,6%-ды құраған.
Баспасөз маслихатында сонымен қатар, 8 қылмыстық және 1 азаматтық істің ҚР Медиация туралы заңы қолданылып, қаралғаны аталып өтті.
Сот төрағасы журналистердің сауалдарына жауап берді.
Соттың баспасөз қызметі