ЖЕРЛЕСІМІЗ «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ – 2016» АТАҒЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
«Қазақстан Аруы-2016» атағын қызылордалық Гүлбану Әзімхан иеленді.
Облыс орталығындағы медициналық колледжде оқитын ол енді «Әлем Аруы-2017» байқауында еліміздің намысын қорғайды. Сонымен қатар оған 5 миллион теңге табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 30-нан бері «Қазақстан Аруы» ресми сайтында смс арқылы халықтық дауыс беру өткізілген болатын. Финалдық шоуы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сайыста бірінші вице-мисс атағын «Астана Аруы» Елназ Нұрсейітова алса, екінші вице-мисс болып «Көкшетау Аруы» Жанар Найманбаева танылды. Үшінші вице-мисс атағына «Өскемен Аруы» Анастасия Усольцева ие болды.