СОТ ҚАҒАЗДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҮЗДІК ДАЯРЛАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбековтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Сот имиджін көтеру, құқықтық насихаттау және БАҚ-дарымен байланыс жасау жұмысы жайлы» баяндамасымен баспасөз қызметінің үйлестірушісі С.Ү.Баймаханов таныстырды. «Азаматтар мен заңды тұлғалардың судьялардың әрекетіне берген шағымдарын тексерудің нәтижелері жайлы» баяндаманы арыз-шағым қарайтын топтың кеңесшісі А.Әнуарбеков оқыды.
Облыстық сот төрағасы облыс соттарының жұмысын қорытындылап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды айқындап берді.
Жиын соңында Қызылорда облысы соттарының мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудандық және оған теңестірілген соттар арасында өткізілген «Мемлекеттік тілде қабылданған үздік сот актісі» және «Мемлекеттік тілде даярланған үздік сот хаттамасы» байқауларының жеңімпаздары марапатталды.
Фариза ОМАРОВА