ОФИЦЕРЛЕР ӘУЛЕТІ
Ежелден «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», деген халқымыз өскелең ұрпақтың тәрбиесін бәрінен биік қойып, перзенттерінің бойына елдік қасиеттерді сіңіре өсірген. Бұл баланы батылдыққа баулып, оның азамат болып қалыптасуының басты қағидаты. Облыстық ішкі істер департаментінде қызмет ететін офицерлер әулеті өкілдері осындай тәрбиемен жетілген азаматтар.
Отбасында ақылшы әке болып, еңбекте ел алғысын арқалаған Қыдырбай Әубәкіровтың отбасы халқымыздың талай игі – жайсаңдары ат тоқтатқан құтты шаңырақ. Қыдырбай ағамыз бен жұбайы Тұрсын Таубайқызы екеуі отбасында 4 ұл, 3 қыз өсірді. Жастайынан ішкі істер органдарының қызметкері болуды армандағанымен тіршілік талабымен құрылыс саласында еңбек еткен отағасы ұлдарының өзінің бала кезгі арманын іске асырып, құқық қорғау саласында елдің тұрақтылығы үшін қызмет етуін қалайтын.
Аңсаған армандарына сүйеніп, балаларын парасат биігіне жетелеген ата-ананың тілектері орындалып, бүгінгі күні төрт ұлы да ішкі істер органдарында майор шенінде қызмет атқарса, қыздары ағартушылық жолды таңдады. Қыздардың үлкені – Жұлдызай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы оқу – ағарту ісінің магистрі. Осы оқу орнында қызмет ететін Құндызай бүгінде докторлық диссертациясын қорғауда. Ал кенжесі – Мөлдір Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің магистратурасын тәмамдап, «Туған жер» қоғамдық бірлестігінде қызмет атқаруда. Барлығы да елге сыйлы, көпке қадірлі азаматтар.
Үлкен ұлы Жандос, 1990 – 1992 жылдары аралығында Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасына қару-жарақ қоймасының меңгерушісі болып қызметке орналасады. Еліміз тәуелсіздіке қол жеткізіп, енді еңсе түзей бастаған аласапыран кезеңнің қиындығыз көрген азамат ішкі істер саласының қалыптасуына өзіндік үлесін қосып келеді. Сөзіне берік, ісіне мығым ол құқық қорғау органдарындағы ширек ғасырлық еңбек өтілін жәй сержанттан бастаса, бүгінде, полиция майоры шеніне дейін жетіп отыр. Қызметте көргені көп Жандос қызықты да қиын салаға жаңадан келген жас буын өкілдеріне ішкі істер органдарының қыр – сырын түсіндіріп, оң жол көрсетіп отырған майталман қызметкерге айналды. Атқарған қызметі лайықты бағаланып, «Қазақстан полициясының 20 жылдығы», «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» сынды төсбелгілерімен марапатталды.
Ағалары Жандостың ішкі істер органдарындағы абыройлы қызметіне жастайынан қанық болып өскен інілері Айдос, Жанғазы, Айғазы да оның ізінен еріп, еліміздің құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда.
Мамандық таңдауда Жандос ағасының жол сілтеуімен 1995 жылы ішкі істер органдарына құжаттарын тапсырып, қызметін жәй ғана сержанттан бастаған Айдос қазір полиция майоры шенін иеленіп, облыстық Ішкі істер департаментінде бөлім бастығы қызметін атқаруда.
Ұлдардың үшіншісі Жанғазы да ішкі істер органдарындағы қызметін 2002 жылы бастап, бүгінгі күні полиция майоры шенінде Қармақшы аудандық Ішкі істер бөлімінде қызмет атқаруда.
Ал шаңырақтағы кіші ұл Айғазы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскерлерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы әскери бөлімінде штаб бастығының орынбасары қызметін атқарады. Бір қызығы – оның да шені майор.
Ал алып бәйтеректей жапырағын кеңге жайып, мәуелеген, жақсылығы жұрт жадында тұрған Қыдырбай атаның әулетінде бүгінгі күні 21 немере ұлағатты тәрбие алуда.
«Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» демекші, Қыдырбай ақсақалдың немерелерінің үлкені Жанкелді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусында білім алып, қазіргі таңда Ақтау қаласында 1-теңіз жаяу әскери батальонында бөлімше командирі болып қызмет атқаруда.
Осы бір берекесі де, мерекесі де мол, өскен-өнген үлкен әулеттен шыққан әрбір ұл-қыз бүгінде бір-бір үлгілі отбасы атанып отыр. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегеніміз осы шығар.