ЖЕТІНШІ СЪЕЗДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ САРАЛАНДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында осы жылдың 21 қарашасында Астанада өткен республика судьяларының VII съезінің қорытындысын талқылау мақсатында брифинг өтті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Шарада облыстық соттың судьясы-баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов, съезд делегаттары: облыстық соттың судьясы Клара Қаниева, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Рысдәулет Шамшиев, Нұрлан Еламанов, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыровтар өз ой-пікірлерін білдірді.
Брифинг барысында аталмыш съезде қабылданған судьялардың жаңа әдеп кодексі және оның негізгі принциптері туралы айтылып, съезд қорытындысы бойынша республика судьяларының алдына қойылған тың міндеттер талқыға салынды.
Облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының 19 қадамын іс жүзінде орындау бағытындағы бастамаларды айтып өтті. Ал, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыров судья әдебі кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырды.
Облыстық соттың судьясы Клара Қаниева съезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев судьяларға жүктемені төмендету мәселесін көтеріп, кезіндегі билер тәжірибесін үлгі еткенін атап өтті. Елбасының сот жүйесінің алдына тараптарды табыстыру мен бітімгершілікті дамытуды басты мақсат етіп қойғанын айтып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.
Экономикалық соттың судьясы Рысдәулет Шамшиев өз сөзінде судьялар съездерінің нәтижесінде соттарға жаңа технологиялар енгізіліп, қолжетімділік артқанын, заңнамалар ізгілендіріліп, сот жүйесін жетілдіру бағытында Елбасы айқындап берген міндеттер шегінде сот-құқықтық реформалар толығымен іске асырылғанын жеткізді.
Жас судья Нұрлан Еламанов Елбасымен кездесудегі әсерімен бөлісті.
Шара соңында БАҚ өкілдері судьяларға жұмыстарына жаңа серпін тілеп, ұйымдастырылған брифингке алғыстарын білдірді.