СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ САЛҒЫРТ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ
Жыл басынан бері Қызылорда облысының көліктік бақылау инспекциясы шағын кемелердің жүзу ережелерін бұзған 146 оқиғаны анықтады. Әсіресе, шағын кемелерді пайдалану кезінде сақтық ережелерінің сақталмауы, кемелердің техникалық жағдайына салғырт қарау, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамдардың шағын кемелерді басқаруы жиілеп кеткен. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысы көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Кіші Арал теңізі айдынында шағын көлемді кемелерге қатысты оқыс оқиғалар жиілеп кеткен. Осы мәселелерді кеңінен талқылау үшін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың төрағалығымен бірлескен кеңес те өткізілген. Онда су көлігін бақылау жұмыстарының маңызы аталып өтті.
Бүгінде аймақта 200-ге жуық көл мен каналдар және 1200 шақырымды құрайтын Сырдария өзені, 18 учаскеден тұратын Кіші Арал теңізі бар.
«Су айдындарында бақылау жұмыстарын жандандырып, азаматтардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында 2017-2018 жылдарға арналған арнайы жоба құзырлы мемлекеттік мекемелермен келісіле отырып, әзірленді,- дейді Ержан Жолдасов.
Фариза ОМАРОВА