ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫ
Қай халық болмасын өзінің өткен жолын құрметтеп, ата-бабалардан қалған салт-дәстүрді ардақтап, аялап, келер ұрпаққа мұраға қалдыруды өзіне ар санаған. Өткен із ешқашан мүлдем жоғалмайды, ол осы шақпен сабақтасып – жалғасып, артына мүсін – ескерткіштер, фотосуреттер басқа да қолданыста болған құрал-жабдықтар, заттар сынды рухани және материалды құндылықтар қалдырып кетіп отырады. Міне, сол мұраларды лайықты қадірлеп, асыл аманаттай тұту халықтың мәдениеттілік деңгейін көрсететін айшықты дәлелдердің бірі.
Қызылордалық полиция осы кезеңге дейін талайларға тағылымды болар, ерлік пен даңққа толы үлкен де ауыр жол жүріп өтті. Бұл жол еліміздегі болып жатқан тарихи оқиғалармен сабақтасып, жалғасып, біте қайнасып бірге өрілген. Әрине, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, осы өткен кезеңнің өзіндік қиындықтары, қателіктері болды, бірақ сонда да болса ауыз толтырып айтар жетістіктер көп болғаны ақиқат нәрсе.
Міне, осы департаменттің тарихын, алдыңғы буын – тәртіп сақшыларының өнегелі жолын мәңгілік есте қалдырып, құқық қорғау қызметіне жаңадан келіп қосылып жатқан жас полицейлерге тәлім-тәрбие ретінде көрсетіп, отансүйгіштік, қызметке деген адалдық рухта тәрбиелеу мақсатында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесі департаменттің мұражайын ашу жөнінде бастама көтеріп, ол іс жүзіне асты.
Қазіргі таңда мұражайда Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментіне қатысты барлық тарихи құжаттар мен заттар, фотоқұжаттар, марапаттар, бұрынғы қызметкерлердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке заттары мен құжаттары, олар жайлы жазылған мақалалар мен кітаптар, басқа да өткен тарихқа куә көптеген экспонаттар жинақталған. Мұражай көрсетілімі 1956 жылдың 27 желтоқсанындағы Қызылорда облысының милиция басқармасын, Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасы қылып қайта құру жайлы тарихи бұйрығымен таныстырудан басталады. Әрі қарай тергеу қызметтерінің тарихы жайлы жазылған, қылмысты іздестіру қызметінің 80-85 жылдығына, тергеу қызметінің 40 жылдығына, Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арнап шығарылған «Зерде» сынды кітаптар кездеседі.
Сондай-ақ мұражайда атқарылып жатқан әр түрлі іс-шаралардың басылымдардағы көрсетілімдері жинақталған. Айтар болсақ өткізіліп жүрген спорттық жарыстар, мерекелік шаралар, қайырымдылық көмек жұмыстары, оның ішінде қызмет бабында қаза тапқан Талғат Қозыбаевқа өзі туған Сырдария ауданындағы О.Мәлібаев ауылында ескерткіш ашылуы мен Қазақстан полициясының 15 жылдығын атап өту мезеттері ерекше кең көрсетілген.
Мұнымен қатар, еліміздің нышандары: Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз, Конституциямыз және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына қалтқысыз қызмет ету жайлы Ант беру сәті бейнеленген бөлек бұрыштама өзіндік биік талғаммен, келушілердің қызығушылығын тудыруда.
Келуші жастардың назарын өзіне тартып, қызықтыратын тағы бір экспозиция, бұл – Ұлы Отан соғысы кезінде қолданыста болған қару-жарақтар және бертінгі кезде криминалистикада қолданылған арнайы құрылғылар бар жинақтама бұрышы.
Мұражайда департамент қызметкерлерінің әр түрлі спорттық жарыстарда ұтып алған кубоктары, грамоталары, мақтау қағаздары мен жалаушалары да қойылған. Сонымен қатар, осында әлемдік және республикалық ареналарда еліміздің, жеріміздің атын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанып жүрген 2005 жылғы АҚШ-та, 2007 жылғы Австралияда бокстан болып өткен бүкіләлемдік полицейлер жарысында бас жүлдеге ие болып жүрген Өміржан Абдрахманов, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қоян-қолтық күресінен 2005 жылғы жеңімпазы Шағыров Азиз сынды спортшылардың суреттері, жеткен жетістіктері, өмірбаяндары жайлы мәліметтер берілген.
Мұражайдың келесі жағында 1917 жылдың 28 қазанындағы Үкіметтің Қаулылары мен Халықтық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Ульянов-Лениннің қолы қойылған еңбекші-шаруа милициясын құру жайлы 1919 жылдың 3 сәуіріндегі құжаттар сынды ескі тарихи экспонаттар жинақталған. Осылардың ішінде патша полициясының император Александрға адал қызмет ету жөнінде берген анттары, 1910 жылдың 1 шілдесінде шыққан «Вестник полиции» атты журнал, еңбекші-шаруа милициясы қызметкерлерінің суреттері және қазақ ұлттық атты әскері жайлы құжаттар мен суреттер де бар.
Осы маңнан, өңірлік құқық қорғау саласының қалыптасуына зор еңбегі сіңген кезінде Ішкі істер басқармасы бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек еткен, отставкадағы милиция полковнигі, Ұлы Отан соғысының ардагері Сағымбаев Алтыбайға бөлек орын берілген. Бұл жерде ол кісінің кеудесі соғыстағы және құқық қорғау қызметінде жүргендегі алған орден-медальдармен толған кителі, қысқа өмірбаяны сынды біршама заттары ел назарына ұсынылған.
Осы жерде Кеңестік дәуірдегі милицияның күнделікті киімі мен қазіргі таңдағы арнайы қызмет қызметкерлерінің киімін киген манекендер орын тапқан.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, олардың ел болашағы үшін танытқан сөзсіз еңбектеріне арнайы бөлек орын берілген.
Ал мұражайдың ең асыл тұтып, қадірлейтін жері, бұл – берген антына адалдық танытып, қызмет барысында қаза тапқан әріптестеріміз жайлы естелік материалдар, орден-медальдар жинақталған орын.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің мұражайы үнемі жаңарып, жаңа экспозициялармен, қорлармен және тарихи маңызы зор құжаттармен толығу үстінде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі