ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН БҰЗҒАН 1688 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫҒА ӘКІМШІЛІК ШАРА КӨРІЛДІ
Ағымдағы жылдың 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында 1688 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде, ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 452, жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін 321, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 655, жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін 34 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Есепті мерзімде қызылордалық полицейлер 59 қылмыстың бетін ашты.
Мәселен, 30 қараша күні алтын бұйымдарын ұрлап, үй егелеріне қомақты сомада шығын келтіргені үшін 1994 жылы қала тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында күдікті үйдің кіре берісіне тығып кеткен кілтті тауып кіргені анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, есепті мерзімде алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 1986 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды. Ол «жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен жәбірленушіден 560 000 теңге көлемінде ақша алып, қайтармағаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Дәл осындай дерек 30 қараша күні де тіркелген. 1970 жылы туылған қала тұрғыны «жер алып беремін» деп сендіріп, жәбірленушінің 4 миллион теңгесін алып, қайтармаған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі