ҚЫЗЫЛОРДАДА ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ
«Отбасы – бақыт мекені»! Дәл осындай атаумен Қызылордада аймақтық жарыс өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа облыс орталығы мен аудандардан іріктеліп келген 7 команда қатысты. Олар эстафета бағдарламасына сай спорт падишасы саналатын жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен күш сынасты.
Салауатты өмір салтын ұстауға үндейтін шараны ұйымдастырудағы мақсат – бұқаралық спортты дамытып, отбасы бірлігін нығайту. Жарыс жеңімпаздары арнайы кубок және дипломдармен марапатталды.
- Спортпен шұғылдану әрбір отбасыға, жастарға өте жақсы септігін тигізеді. Өйткені бір-бірімен ынтымақта болады. Дене бітімдері де, денсаулықтары да мықты болады. Жас ұрпаққа өсуіне де Елбасы айтқандай, осындай тапсырмасын орындап, елімізді қорғауға, намысын қорғауға септігін тигізеді деп ойлаймын, - дейді жарысқа қатысушы Нұрлан Сейтжаппаров.