ӨЗБЕК 10 МИЛЛИОНҒА, ҚАЗАҚ 1-АҚ МИЛЛИОНҒА КӨБЕЙІПТІ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық үйлестірушісі Гүл Омарова мәлімдеуінше елімізде жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалады, деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Жасанды түсік салдарынан жатырда тұншыққан сәбилер санының өсуі ұлт санына да әсер етіп жатыр. Мәселен өткен жылы Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Статистика комитеті Өзбек халқының саны шамамен 30 миллион адамды құрағанын ресми түрде хабарлады. Салыстыра қарасақ 1991 жылы өзбектердің саны 20 млн. 708 мыңды құрап, 2013 жылы 30 миллионға жеткен. 22 жылда Өзбекстанның халқы 10 миллионға көбейген. 1970 жылдары Өзбекстан мен Қазақстандағы халық саны тең болғанын ескерсек, көршіміздің санына қызғанышпен қарауға болатындай.
Өз еліміздегі демографияны санамаласақ, 1991 жылдары халқымыздың санының 16 миллионға жетеқабыл болған екен. Осынша жылдың ішінде 1 миллионның айналасында ғана көбейіппіз. Жасанды түсікті тоқтату туралы Мәжілістің мінберінде сан рет айтқан экс-депутат Ирак Елекеев «Жасанды түсік жасауға заң жүзінде тыйым салсақ ұлт саны ұлғая түсер еді» дейді. Расында да Бразилия, Аргентина, Оңтүстік Корея секілді көптеген елдер жасанды түсікке заң жүзінде тыйым салған. Егер алда жалда жасанды түсік жасала қалған жағдайда ол медициналық көрсеткіштерге сай ананың денсаулығы босануды көтермейтін жағдайда ғана жасалады екен.