ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТУДЕ
Облыс бойынша Қызылорда ОІІД-ті денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталығымен, Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдігімен, Қазақстан мүгедектері ұйымдарының одағымен, мүдделі азаматтық қоғам институттарымен, БАҚ-пен бірлесіп, 2016 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында «Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық акциясы өткізілуде.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 02 желтоқсанда Қызылорда қаласы №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасында балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында «Жол ережесін сақтаймыз!», «Жол белгілері!» атты насихат акциялары өтті.
ОІІД баспасөз қызметі
ОІІД баспасөз қызметі