ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігі мен «Облыстық ішкі саясат басқармасының» тапсырысына сәйкес «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлігінде мемлекеттік қызметтерді алу» әлеуметтік жобасы аясында Қармақшы ауданында «Мемлекеттік қызмет көрсету барысында тұтынушылардың құқықтары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар «Азаматтарға арналға Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Қармақшы аудандық бөлімінің қызметкерлері мен аудан тұрғындарына ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету тәртібі мен тұтынушылардың құқықтары түсіндірілді.