«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫНЫҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Делегация мүшелері қоғамдық қабылдаудан кейін әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетті.
Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларды белсенді тірлікке тартып, жұмыспен қамтуды назарда ұстап келеді. Осы мақсатты ұстанған пойыз мүшелері бірінші болып пәтер жалдап отырған көп балалы Әсия Қожахметованың отбасына барды. Бұл отбасында 4 бала бар, үлкені 13 жаста, кішкентайы 2 жаста. Делегация мүшелерінің атынан Әсияның жанұясына газ пеші берілді. Ол өз кезегінде қайырымдылық көмек көрсеткен пойыз құрамындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне алғысын білдірді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жасаған игілікті істері үшін ризашылығын жеткізді.
Келесі кезекте делегаттар қала тұрғыны Диана Смағұлованың үйінде болды. Диана ауыр науқасқа шалдығып, жүру қабілетінен айырылған және жалғыз өзі мектеп жасындағы қыз баласын тәрбиелеп отыр. Осыны ескерген делегация мүшелері мүмкіндігі шектеулі жанның үйіне арнайы келіп, кір жуғыш машина сыйлап, сауығып кетуіңе тілектестігін білдірді. «Назарларыңызға алып, көмек қолын созғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін»,-деді Диана.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі