ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 12-1-бабымен толықтырылды, және де бұл нормада әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау көзделген.
Мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау:
1) әкімшілік деректер жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;
2) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;
3) әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің анықтығын;
4) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаментімен 2016 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған ішінара тексеру кестесіне сәйкес 76 әкімшілік дереккөздер – ауылдық округ әкімдігінің аппараттарында ішінара тексерулер жүргізілді.
Осы тексерулер барысында шаруашылық бойынша есепке алуда дәйексіз әкімшілік деректер ұсынылу фактілері анықталған. Нәтижесінде 16 аулдық округ әкімдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 499-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға 699930 теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды, айыппұлдар бюджет кірісіне өндірілді.
Сонымен, Департаментпен қабылданатын шаралар әкімшілік дереккөздерімен заңнама талаптарын сақтауға, сонымен қатар жаңа заң бұзушылықтарды алдын алу және болдырмауға бағытталған.
Қызылорда облысының Статистика департаменті