ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бахыт Жұматай мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында мектеп өмірін жақсартуға бағытталған түрлі ой-пікірлер айтылды. Әсіресе білім беру бағдарламасының артықшылықтары мен жақсы үлгерімге қол жеткізудің құпиясы туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар оқушылардың тек оқу процесіне ғана емес, қосымша үйірмелер мен секциялық жұмыстармен айналысу керектігі айтылды. Осы ретте, оқушылар мектептің қоғамдық өмірін жақсартуға бағытталған көптеген жобаларды ұсынды. Ал жақында мектеп Президенті атанған Сәулет Өтебек күнделікті таңғы жаттығуларды өткізуді дәстүрге айналдыру, оқушыларды күн бойына қажетті энергиямен қуаттандыратынын айтты.
Жалпы оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мектеп проблемаларын шешуде және оқушылардың өздерін қызықтыратын іс-шараларды өткізу арқылы жас ұрпақтың жан-жақты тұлға болып қалыптасуында алар орны өте зор. «Мұғалімдермен бірге мектепті басқаруға араласатын оқушылардың бойында көшбасшылық дағдылар қалыптасады, сыныптар арасында достық, жолдастық қатынас орнайды», - дейді мектеп директоры Бахыт Әмірханұлы.