«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫ 5 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейінде Ел тәуелсізідігінің 25 жылдығы мен «Жас Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерекесіне орай Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ұланымыз Ұлы елдің» ІV облыстық слеті өтті. Бұл туралы ұйымның Қызылорда облысы бойынша төрайымы Гүлайым Ақмырзаева хабарлады.
Слет бағдарламасында 50 оқушы «Жас ұлан» қатарына қабылданып, жалпы шараға 300-ден аса оқушы қатысты. Аталған шара Облыстық ішкі саясат және Облыстық білім басқармаларының қолдауымен өткізілген болатын. Жиын барысында Сыр ұландарының тәуелсіздіктің 25 жыдығына орай өткізген «Отаныма 25 игі іс» акциясы қорытындыланып, үздіктер «Ұланымыз Ұлы елдің» номинациясымен марапатталды.
Сонымен қатар, бес жылда ұйымнан шыққан белсенділер өз лебіздерін жеткізіп, слет шеңберінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін ұйымдастыру жөнінде мектеп тәлімгерлері мен көшбасшыларға арналған семинар ұйымдастырылған. Көшбасшылар «Жаңа жоба-Жаңа леп» тақырыбында іске асыратын жаңа жобаларын қорғап, секция жұмыстары қорытындыланды. Слет резолюциясы қабылданып, шара мерекелік бағдарламамен жалғасты.
Аталған шараға құрметті қонақтар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.