«ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі бұрын сотты болған тұлғалар арасында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Ж.Есмаханов, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгерлері А.Мухамедьярова және М.Балғараев, Қызылорда қалалық АХАЖ бөлімінің өкілі А.Жортбасова, Қызылорда қалалық орта білім беретін кешкі мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Б.К.Аубакиров қатысты.
Арнайы жиын барысында Қызылорда қалалық АХАЖ бөлімінің өкілі А.Жортбасова «Отбасы құндылықтары» және «Отбасы және неке» тақырыбында дәріс оқыса, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Ж.Есмаханов және Қызылорда қалалық орта білім беретін кешкі мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Б.Аубакиров «Отбасы тәрбиесі және оның сотталғанның түзелуіне ықпалы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.