150-ГЕ ЖУЫҚ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін, 2016 жылғы 30 қараша күні «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылды, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың жаңа жолын таңдады. Бұл күннің Елбасымыздың атымен аталуының өзі кездейсоқ жағдай емес. Себебі бұл күн – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды», - деп, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, қызметтеріне сәттілік, зор денсаулық, отбасыларына береке-бірлік тіледі.
Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 150-ге жуық ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде 20-сы министрдің бұйрығымен марапатталып, құрмет биігінен көрінді. Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімдері, Қалалық ішкі істер басқармасы мен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері де бар.
Сонымен қатар, шара барысында арнайы шендік атағын мерзімінен бұрын алғандарға атақ табыстау рәсімі өтті. Мәселен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Есжанов Манарбек «полиция подполковнигі» атағына ие болды.
Осындай мереке аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында«полиция подполковнигі» атағын алған Манарбек Есжанов қос қуаныштың қатар келгенін жақсы белгіге балап, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында адал қызмет етіп, Отан алдындағы антын берік ұстанатынын жеткізді.
Бұдан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласты, патриоттық әндер айтылып, мерекелік билер биленді.