ОБЛЫСТЫҚ СОТТА ОҚЫП ҮЙРЕНУ САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Адам құқықтарын қорғау аясындағы халықаралық шарттар» тақырыбында оқып үйрену сабағы өтті.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, облыстық соттың кеңсе меңгерушісі мен бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе менгерушілері қатысты.
Шараны ашқан Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова күн тәртібіндегі негізі мәселелермен таныстырды.
Облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Бекбол Рысмамбетов «Құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы шарттар талаптарының сақталуы туралы» баяндамасында Қазақстан Республикасының Азаматтық процесттік кодексінің 476-бабының талаптарына сәйкес, республика соттары заңнамада және ҚР ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделген көлемде құқықтық көмек көрсететінін айтып өтті. Сонымен қатар, шет мемлекеттерге жолданатын хаттардың сапасына аса мән беру туралы айтты.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Мөлдір Асанова «Бала құқығы – басты назарда» бала құқығы туралы заңдардың (конвенция) қолданылуы» бойынша баяндамасын оқып, тақырыпты кеңінен ашты.
«Гендерлік саясат –бүгінгі күннің өзекті мәселесі» әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Шиелі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Мадина Жүсіпбекова баяндама оқыды.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылық» санатындағы әкімшілік істердің сотта қарау ерекшеліктері» жайлы баяндамасында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Досбол Хамзаев статистикалық мәліметтерге тоқталды. Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 2016 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабымен барлығы 163 әкімшілік іс түскен. Оның ішінде 162 адамға қатысты 162 әкімшілік іс негізінен қаралған болса, 1 әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК-нің 816-бабының 1-бөлігінің 5-тармағы негізінде істі мәні бойынша қарау үшін кері қайтарылған.
Қаралған әкімшілік істердің ішінде 46 адамға ескерту, 46 адамға әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазалар тағайындалса, 70 әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылған. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес 21 әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылған.
Шара соңында қатысушылар оқылған баяндамаларды өзара талқылап, ұсынымдарын білдірді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі