ОБЛЫС ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде облыс имамдарының жылдық есепті жиналысы өтті. 2016 жылғы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары қатысты.
Биылғы 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы аталғаны белгілі. Мешіттер осы жыл аясында атқарған шараларымен қатар, ҚМДБ бекіткен төрт бағыт бойынша ұйымдастырылған шараларға тоқталды. Жалпы, биылғы жылдың өзінде қала және аудан имамдарының қатысуымен 38 жиналыс өткізілген. Қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдаған орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров аталған жұмыстардың жауапкершілігіне тоқталып, алдағы қызмет барысына сәттілік тілеп, тапсырмаларды пысықтады.