«ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» ОҚУ-КӨРМЕ ЗАЛЫ
1-желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке. Атаулы күннің қарсаңында Қызылорда облысындағы этномәдени орталықтардың жетекшілері мен С.Сейфуллин атындағы №4 қазақ орта мектебінің оқушылары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында болды.
Тақырыптық экспозициялармен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Н.К.Мыңжас таныстырып өтті. Сонымен қатар, оқу-көрме залы қорындағы видеоматериалдар көрсетілді. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі жолындағы Елбасының еңбегі баяндалып, оқу-көрме залындағы кітап қоры да таныстырылды.