ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАЗА ӨТЕУШІЛЕР ТУЫСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жаза өтеушілер мен олардың кездесуге келген жақын туыстары арасында «Отбасы тәрбиесі және оның сотталғанның түзелуіне ықпалы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бас маманы Ж.Есмаханов, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері М.Балғараев қатысты.
Іс-шара барысында «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» М.Балғараев пен Ж.Есмаханов «Отбасы тәрбиесі және оның сотталғанның түзелуіне ықпалы» тақырыбында баяндама жасады.
Сонында күн тәртібі бойынша талқыланған мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар айтылды.