ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қолдау мақсатында актив отырысы өтті. Оған облыстық ассамблея мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ, қоғамдық келісім, аналар кеңестері мен жастар қанатының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді мүшелері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Актив отырысын облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі, т.ғ.к, доцент Н.Мыңжас жүргізді.
Декларация туралы облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова баяндама жасады. Ол баяндамасында «Өздеріңізге белгілі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы қабылданды. Декларация, Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолы мен ауқымды жетістіктерін, Ұлы Дала елінің «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясындағы жеңістерін бейнелейтін маңызы ерекше құжат болып табылады», - дей келе, «Біздің ендігі міндетіміз бен мақсатымыз – Тәуелсіздік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру, ел болашағын байыпты қалыптастыру, дүниедегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарында болу. Баршаңызды Ұлы Дала елін Мәңгілік елге айналдыруды мақсат еткен Ұлт Көшбасшысы идеясының аясына бірігіп, туған Отанымыз – Қазақстанның дамуы үшін аянбай еңбек етуге шақырамын», - деді.
Актив отырысында қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әбішев: «Еліміздің табысты дамуының берік іргетасы Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік үлгісі екенін Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше атап өтеді. Тәуелсіздік жылдары біз еліміздің игілігі үшін бірге, бір отбасындай жұмыс істедік. Бірлік, бейбітшілік пен келісімді біздің қоғамның адамгершілік және этикалық нормалары ретінде қалыптастырдық. Біз Тәуелсіздіктің Ұлы жолын мәңгілік ету үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясында көрініс тапқан, астанада «Tәуелсіз Қазақстан» монументін орнату идеясын толық қолдаймыз» деп өз пікірін ортаға салды.
Ал, «Славяне» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Щербакова этнос өкілдері атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығының декларациясы - бұл Қазақстанның бүгіні мен болашағын, басты әрі қастерлі де қасиетті құндылығымыз - Тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ардақтауға және арттыруға шақырған маңызды құжат екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиында ғылыми-сарапшылық топ мүшесі С.Сахиев, облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Н.Мусаева, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары В.Шин, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жастар қанаты төрағасының орынбасары А.Шайхутдинова өз пікірлерімен бөлісті.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі.