БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Бизнеспен бірге – 25 жыл» дөңгелек столы өткізіліп, 2015 жылдың қорытындысымен «Үздік салық төлеуші» және «Үздік СЭҚ қатысушы» номинациясы бойынша тұлғалар марапатталды.
Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев бизнес өкілдерінің тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдық тарихындағы жетістіктеріне қосқан үлесін, жергілікті өндірісті, ауылшаруашылығын, сауданы және т.б. салаларды дамытудағы еңбегін атап өтті. Ірісі бар, шағыны бар 50 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі арқасында облысымыздың экономикалық даму көрсеткіштері жоғарылап, салықтық түсім артып, халықтың әлеуметтік ахуалының жақсаруына қосымша мүмкіндіктер жасалып отырғанын айтты.
Қызылорда қаласы және барлық аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары тарапынан барлық салық төлеушілердің салық түсімдерінің көлеміне, салық жүктемесінің коэффициентіне, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру қарқынына қарай, сонымен қатар заң бұзушылық фактілерінің тарихына, салықтық берешектер қалыптастыру барысына қарай деректері тексеріліп, қорытындысымен 114 салық төлеушінің қызметі талдауға ілінген. Жеке кәсіпкерден басталып, ірі компанияларға дейін қызметтің барлық түрі қамтылды. Негізгі критерийлер шегінен шыға білген 45 үміткер комиссияның таңдауына ұсынылды. Арнайы құрылған комиссия шешімімен 16 номинация бойынша үздіктер анықталды.
Міне, олар, 2015 жылдың қорытындысымен үздік деп танылғандар:
1."Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлға" - «Куатамлонмунай» Акционерлік қоғамы;
2."АСР-патент негізінде-қызмет көрсету" – дара кәсіпкер Ергара Алтынбек Дабылбекұлы;
3."АСР-патент негізінде-сауда" – дара кәсіпкер Жуматова Лаззат Каратаевна;
4."АСР-оңайлатылған декларация негізінде өндіріс " – «NP-Consulting» ЖШС;
5."АСР-оңайлатылған декларация негізінде-қызмет көрсету" – дара кәсіпкер Омарова Гулфариза Курмангалиевна;
6."АСР-оңайлатылған декларация негізінде – сауда» – «Гиппократ-А» ЖШС;
7."Шаруа қожалықтары мен фермерлер үшін АСР» – «Мырзабай» шаруа қожалығы;
8."Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі " – «Жанажол» ЖШС;
9."Жалпыға бірдей белгіленген режим-өндіріс" – «Най-Мир» ЖШС;
10."Жалпыға бірдей белгіленген режим-сауда" – «Сырдарья Авто» ЖШС;
11."Әлеуметтік салада қызмет жасаушы ұйым" – «Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қызыналық кәсіпорын;
12."Тіркелген салық" – дара кәсіпкер Ибрагимов Нұрлан Ысқақұлы;
13."Акциздер"– «Олжас» ЖШС;
14."Жер қойнауын пайдаланушы тұлға" –"ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз" АҚ;
15."Мониторингте тұратын ірі салық төлеуші" –«Байкен-U» ЖШС;
16."Жеке тұлғалар – дара кәсіпкер емес" – жеке нотариус Байгазиева Камшат Жукеновна.
Барлық жеңімпаздарға Дипломдар тапсырылды. «Жүзден – жүйрік» шыққандар қатарынан «ПетроКазахстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ның өкілі Б.Қаюпов сөз алып, мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру мақсатында жасап отырған бұл шарасына ризашылық білдірді. Барлық қатысушыларды кәсібін адал жүргізуге, салық және кеден заңнамаларының талаптарын бұзбауға шақырды.
Дөңгелек стол жұмысына облыстық Кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері қатысты.