ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
22-23 қараша күндері «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінде «Қоғамдық қабылдау» өтті. Арнайы ұйымдастырылған шараға қоғамдық бірлестіктің заңгері Д.Рысбаев төрағалық етті.
Екі күнге созылған шараға облыс тұрғындары қатысып, көкейдегі сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Қоғамдық қабылдау барысында студенттер тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу жағдайының өте аз екендігі сөз болып, жоғары оқу орында білім алушылардың басым бөлігінде ЭЦҚ жоқ екені айтылды. Сонымен қатар, сотқа талап-арыз берушілерге Мемлекеттік қызмет көрсету барысында облыстық соттың ғимаратында тұрғындарға дәретхана болуын қамтамасыз ету ұсынылды.