ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республикалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланған.
Қабылдау барысында нотариаттық палата, бағалаушылар палатасы, жылжымайтын мүлік бөлімі, адвокаттар алқасының өкілдері мен сот орындаушылар салалары бойынша тұрғындарға құқықтық кеңес берілді.
Шараның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, сенімділікті қалыптастыру және қоғам мен билік арасында байланыс алаңын кеңейту.
Акция аясында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев жалпы қоғамдық қабылдауға келіп түсетін арыз шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік, құқықтық мәселелерге қатысты екендігіне тоқтала келіп, барық өтініштердің заң аясында жүзеге асырылатындығын жеткізді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде тұрғындар үшін партия қоғамдық қабылдауларының есігі әрдайым ашық екендігін мәлімдеді.
- Келушілердің мәселелері әртүрлі болды, дегенмен басты мақсат – соларды заң аясында шешу, - деді ол.
Мәселен, қабылдауға соттың алиментті төлеу туралы шешімінің орындалмай жатқандығына және осы мәселемен тікелей айналысатын сот орындаушыларының әрекетсіздігіне шағымданып бірнеше азаматшалар келді. Солардың бірі қала тұрғыны Кенжегүл Әбиева. Жолдасымен заң аясында ажырасқанынан 5 жыл болған әйел ұлмен қыз тәрбиелеп отыр. Екеуіде мектепте оқиды. Алайда 5 жылдан бері борышкердің балаларға төлейтін (алименті) қаржысы 1 млн теңгенің үстіне шыққан. Белгілі болғандай бұрынғы күйеуі айына 5 мың теңге ғана қаржы беріп келеді екен.
Қабылдау барысында Кенжегүлдің мәселесімен толық танысқан Қызылорда облыстық Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жандос Әбсат борышкердің тұрақты еш жерде жұмыста жоқ екенін және жылжымайтын мүлкі жоқтығын анықтап, енді оның үстінінен әкімшілік шара қолданып барып өндіруге немесе қылмыстық іс қозғау арқылы маселені шешуге көмектесетінін жетікізді.
Сондай-ақ қабылдауға дүние мүлікті бөлісу жөнінде кеңес сұрап, Қармақшы ауданының тұрғыны Қарашаш Рүстемова есімді азаматша келді. Ол жұбайымен отбасылы болған күндерде салынған жеке тұрғын үйден өзіне тиесілі бөлігін алғысы келетінін айтты. Қызылорда облыстық Адвокаттар алқасының Заң кеңсесінің басшысы, адвокат Ботакөз Пернебайқызы азаматшаға тиісті мәселенің оңтайлы шешілетін жолдарын айтып, түсіндірді.
Біріңғай қабылдау күні барысында тұрғындар көшеде жүру ережелерін сақтау туралы, сауда орындарында чек талап ету жөнінде, қоғамдық орындардағы тәртіп туралы, мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға, сонымен бірге мүлікті заңдастыру, азаматтық актілерді тіркеу бағыттарындағы сауалдарын жолдап мамандардан заң аясында кеңестер алды.
Жалпы айта кету керек тоқсанына бір рет өтіп тұратын Бірыңғай қабылдау күні республикалық акциясы облыстың барлық аудандары мен қалаларында ұйымдастырылып, оған 100-ден астам адам қатысты