10 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Орал қаласының тұрғыны сотталушы өзінің танысы екеуі адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі есірткі затын сатып алу үшін Қызылорда қаласына келген.
2016 жылдың 24 шілде күні Қызылорда қаласына келіп, тергеу органдарымен анықталмаған адамдардан аса ірі мөлшерде, жалпы салмағы 13 394,50 грамм, кептірілген марихуананы сатып алған. Оны автокөліктің жолаушылар отыратын артқы орындығына тығып қойып, Орал қаласына бет алған.
Алайда, Арал ауданында орналасқан «Арал-Шеп» бекетінде полиция қызметкерлері құжаттар мен автокөлікті тексеру кезінде олардың Крона атты қызметтік иті автокөліктің артқы орындығында есірткі зат бар екендігін білдірген.
18 қараша 2016 жылғы сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды иемденіп, сақтап, тасымалдау) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.
Екінші адамға іздеу жарияланған.Үкім заңды күшіне енген жоқ.