АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Қызылорда облыстық перинатальды орталығында саясаткер әйелдер клубының дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Шара Бүкіл әлемдік шала туған сәбилер күніне орай ұйымдастырылған.
Кездесу «Бойтұмар Ханым» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығының «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» ақпараттық-насихаттық жобасының аясында жүзеге асырылып отыр.
Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова, саясаткер әйелдер клубының мүшелері Рахима Ахметова, Ақтолқын Сунгур, облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашева қатысты.
Қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Ақмарал Әлназарова тәуелсіз сарапшылардың пікірінше Қызылордадағы ана мен бала орталығы Еліміздегі ең үздік орталық деп танылғандығын атап өтті. Олардың пікірінше орталықта теория мен практика қатар қолданылып, барлық қажетті құралдармен толық жабдықталған. Мұндағы қызметкерлердің кәсібилігі өте жоғары деңгейде.
«Әрине, бұл біздің өңір үшін берілген жоғары баға. Сонымен қатар, біз гемоглобин деңгейі төмен жүкті әйелдер өздеріне қажетті көмек ала алатын арнайы палата аштық», - деді басқарма басшысы.
Кездесу соңында орталықтағы шала туылған сәбилер мен оның аналарына арналған сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ үздік дәрігерлер, акушер-медбикелер Алғыс хаттармен марапатталды.
Фариза ОМАРОВА