АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтардан айыппұл өндіру шаралары қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Аталған бағытта мүдделі органдармен бірлесіп біршама ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізіліп, бірнеше мәрте «Борышкер» шарасы өткізілді.
Күнделікті жұмыс барысында полиция қызметкерлері салынған айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда құқық бұзушыға 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу құқығы берілетіндігі, төлемеген жағдайда сот орындаушысына жолданатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, жыл көлемінде прокуратура қызметкерлері, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырылып, халыққа айыппұлды төлеу тәртібі жайлы түсіндірілуде.
Жалпы айыппұлды өндірудің тиімділігін арттыру мақсатында Әкімшілік полиция басқармасы смс-хабарлама жолдау жұмыстарын қолға алды. Егер де белгілі бір азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделсе, сол азаматқа салынған айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі бар екендігін ескертіліп смс-хабарлама жолданады. Бұл жеңілдік пайдаланылмаса, бір ай мерзімде ерікті түрде айыппұлды төлеу мерзімі бар екендігі жөнінде ескертіледі. Аталған хабарландыру қызметін пайдалану үшін хаттама толтыру барысында ұялы телефон нөмірін көрсету маңызды.
Одан бөлек, бүгінгі таңда жылжымалы пост-терминалдардың жұмысы жандандырылуда. Яғни, құқық бұзушы хаттама толтырылған сәтте ешқайда бармай-ақ, Форте Банк ұсынған пост-терминалдар арқылы бірден айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бар.
Ал егер де әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты салынған айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі өткен жағдайда, азаматтарға қатысты мәжбүрлеп өндірту шарасы қолданылады. Ол үшін борышкердің құжаттары сот орындаушыларына жолданып, бірнеше қызмет түрлеріне және мүлкіне шектеу қойылады.
Осы тұрғыда, азаматтардан қандай да бір құқық бұзушылығы үшін полиция қызметкерлерімен салынған айыппұлды заңда қарастырылған 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін пайдаланып, 7 күн ішінде төлеуді немесе 1 ай мерзімнен кешіктермей төлеулерін сұраймыз.
Айта кетерлік жайт, 2016 жылдың 10 айында 76297 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша салынған 778,231,097 теңгенің 465,628,215 теңгесі өндіріліп, 59,8 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.