ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мәжіліс залында «Жүргізуші куәлігін беру барысындағы мемлекеттік қызметтер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Арнайы жиын барысында қоғамдық бірлестіктің заңгері Д.Рысбаев Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Қызылорда облыстық наркологиялық орталығы», «Қызылорда облыстық психоневрология ауруханасы» және Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Қызылорда қалалық №4 бөліміне «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша бірнеше рет «Жасырын тұтынушы» мониторингі жүргізілгенін айтып, анықталған кемшіліктерді атап өтті.
«Авто ХҚКО-ның 1-ші қабатында «Қызылорда облыстық психоневрологиялық аурухананың» және «Қызылорда облыстық наркологиялық орталықтың» қызметкерлері орналасқан кабинетінде анықтама беру жөнінде ақпарат жоқ. Сонымен қатар, Стандарттың 7-тармағында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілетін қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады делінген. Алайда, http://www.mzsr.gov.kz/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде аталған мәлімет орналастырылмаған», - деп тоқталып өтті ол.
«Осы және басқа да анықталған кемшіліктерді жою мақсатында қоғамдық бірлестіктің атынан тиісті мекемелерге хат жолданып, бақылауға алынды», - деп қорытындылады заңгер.
Айта кетейік, жүргізуші куәлігін алу үшін №083/е нысанды медициналық анықтамамен бірге психоневрологиялық ауруханамен наркологиялық диспансерден есепте тұрмайтыны жөнінде анықтама сұратылуда.