ОМО ХИРУРГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚАРМАҚШЫДА ОТА ЖАСАДЫ
Облыстық медицина орталығының хирург-травматолог дәрігерлері аудандарға шығып, ота жасауларын жалғастыруда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева мәлімдеді.
«Дәрігерлер Қармақшы ауданында болып, ортан жілігі сынған қарт анаға темірмен құрсаулау отасын жасап, ал жіліншігі сынған жігіт ағасына пластикалық жапсырма салды. Бұл медицинада соңғы жаңалықтар. Бұрынғыдай кесіп не болмаса гипстеп ұзақ жатпайды, отадан кейін бір-екі күнде өздігінен жүруге жарайды», - дейді Н.Тұрсынбаева.
Кеше тағы да Қармақшы ауданына балалар травматологы барып, бұғанағы сынған 13 жасар балаға жаңашыл ота түрін жасады. Баланың сынған аймағын рентгент аппараты арқылы түсіре отырып, жабық жағдайда сынған сүйекті қалпына келтіріп, орнықтырып берген.
Шынар БЕКБАН