МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет мектеп Президенті сайланды. Көпшіліктің қалауымен бұл лауазымға 10 «А» сынып оқушысы Сәулет Өтебек лайықты деп танылды.
Мектепте өткен алғашқы сайлауға дауыс беру құқығы ие болғандардың 565-і қатысты. Арнайы жасақталған сайлау учаскесінде тіркелушілер мен бақылаушылар сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз етті.
Негізінен, мектептің Президент сайлауына төрт кандидат түсті. Саяси додада бақ сынағандар 10 «А» сынып оқушысы Сәулет Өтебек, 10 «В» сынып оқушысы Қожахмет Әбдуғапбар, 10 «D» сынып оқушысы Даниярбек Бахытжан және 11 «А» сынып оқушысы Айдана Сәдуақас. Барлығы да өздерінің сайлауалды бағдарламаларында мектеп өмірін жақсартуға және оқушылардың дарындылығын, шығармашылық және креативті ерекше қабілеттерін ашуға бағытталған жаңалықтар енгізуді көздейді.
«Бүгін мен өзімнің азаматтық борышымды орындап, мектеп президентін сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Менің ойымша, мен таңдаған үміткер, болашақта өзіне дауыс бергендердің үмітіп ақтап, оқушыларды толғандырып жүрген мәселелерді шешуге жол ашады деген үміттемін», - дейді 10 «D» сынып оқушысы Арайлым Оспан.
Сайлау учаскесіне келіп дауыс берушілердің арасында мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері де көп болды. Олар өз таңдауларын мектептің болашағы үшін жасағандарын айтады.
Сонымен, сайлау учаскелерінің мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті. Сайлауға берілген 4 сағаттың ішінде дауыс бергендердің саны 565-ке жетті. Соның 10,3 пайызы Әбдуғапбар Қожахметке дауыс берсе, 26,2 пайызы Сәдуақас Айданаға және 26,5 пайызы Бахытжан Даниярбекке дауыс берді. Ал оқушыладың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін түрлі шоу-бағдарламалар мен мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар жас жеткіншектердің физиологиялық жай-күйін жақсарту бағытында мектепте көптеген жұмыстар өткізуді және оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді жоспарлаған 10 «А» сынып оқушысы Сәулет Өтебек үздіктердің ішінен оза шауып, барлығы 209 дауыс жинап, мектеп Президенті атанды.
Айта кетейік, мектеп Президентінің ұлықтау рәсімін ҚР Президенті күніне орай ұйымдастырылатын мерекелік кеште өткізу жоспарланып отыр.