ОБЛЫС ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Қызылордада облыс имамдарының ІІ алқалы жиыны өткізілді. «Үлгілі имам – діннің келбеті» тақырыбында өткізілген жиында имам-молдалар үшін маңызды бірнеше мәселелер қозғалды, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Жиынды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жүргізді.
Алқалы жиын аясында сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының орынбасары Маралбек Мұсаев хабарлама жасаса, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Мұхтар Гаджиев ілімнің маңыздылығы турасында насихат айтты. Жиын барысында «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы бірнеше қалалық мешіттер мен оқу орындарында болып жастармен кездесу жүргізді.