ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕЙТІН БЕЛГІЛЕРДІҢ ОРНАЛАСУЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
2016-2017 жылдары қыс мезгілінде облыс көлемінен өтетін жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында қар және көк тайғақпен күресу мақсатында біршама нақты жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, облыс бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарын «ҚазахАвтоЖол» РМК мекемесі, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына «Қызылорда жолдары» ЖШС, «Шиелі Жолшы» ЖШС, қала көшелерінде «Қызылорда Тазалығы» ЖШС жұмыстар жүргізуде.
2016 жылдың 10 айында облыс көлемінде 311 жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі - ЖКО) тіркелсе, оның 154 дерегі Қызылорда қаласы көлемінде тіркеліп, онда 20 адам қаза болып, 168 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған.
Қала көлеміндегі көше-жол тораптары бойында жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында көшелер бойында орналасқан жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың орналасуына өзгерістер еңгізілді.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласының Бұхарбай Батыр көшесі Шүкіров көшесінен Бөкейхан көшесі аралығында 3.1-«Кіруге тыйым салынған» жол белгісін орналастыру арқылы бір бағытты жол ұйымдастырылды. Рысқұлов көшесінде орналасқан 3.1-«Кіруге тыйым салынған» жол белгісін алу арқылы аталған көшеде екі бағытты қозғалыс ұйымдастырылып, қазіргі таңда Рысқұлов-Ыдырысов көшелерінің қиылысында тиісті жол бегілерін орналастыру арқылы Ыдырысов көшесі екінші дәрежелі жол болып өзгертілді. Шымбай-Ескараев көшелерінің қиылысында орналасқан 3.1-«Кіруге тыйым салынған» жол белгісі Шымбай-Сүлейменов көшелерінің қиылысына ауыстырылды.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ауыр зардапты жол апаттарының алдын алу мақсатында Саламатов көшесінде орналасқан «Солтүстік жол айрығы» (транспортная развязка) үстінде 3.18.2-«Солға бұрылуға тыйым салынады» жол белгісін орналастыру арқылы Хон Бен До көшесіне қарай тек тіке қозғалу және Саламатов көшесіне Қайнарбаев көшесінен солға қарай бұрылуға тыйым салу арылы жол қозғалысы бағыттарының өзгеретіндігі хабарланады.
Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы қала орталығындағы көше-жол тораптарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол апаттарының алдын алу бағытыда енгізілген өзгерістерге көлік құралдары жүргізушілерінің көңіл бөліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі