АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ТАНЫСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПРЕСС-ТУР ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотында сот жұмысындағы ақпараттық сервистерді жұртшылық пен БАҚ өкілдеріне таныстыру мақсатында пресс-тур өтті.
Шараға саяси партия, халық Ассамблеясы, қоғамдық белсенді көзқарастағы жастар ұйымдары, жергілікті билік өкілдері және депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Пресс-турды Қызылорда облыстық соты төрағасы міндетін атқарушы Адранов Қайрат Төлепбергенұлы, облыстық сот судьялары, баспасөз қызметін үйлестірушілері Наримов Артур Зұлхарнайұлы мен Маликова Шолпан Маратқызы жүргізді.
Модераторлық жасаушы Қайрат Адранов 100 қадам Ұлт Жоспары бойынша атқарылған шаралар, сот жұмысының көрсеткіштері, Медиация Заңының қолданылуы жайлы хабарлама жасап, облыс соттарының ағымдағы жылдың 10 айында атқарған жұмыстарына тоқталды.
Қызылорда облысы соттарына 2016 жылдың 10 айында 1491 қылмыстық іс және 19624 талап арыз, 10394 әкімшілік іс түскен. Есепті кезеңде аудандық соттармен 1248 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде 565 талаптан бас тартуына, 65 бітімге келулеріне байланысты 388 медиация тәртібімен, 12 іс партисипативті тәртібімен қаралған.
Шарада сот кеңсесіндегі электрондық ақпараттық бағдарламалар (тіркеу, СМС, ШПИ), «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі және сот залдарындағы АВФ жүйесі, TrueConf электронды бағдарламасының жұмыстары таныстырылды. Аталған техникалық сервистердің сот жұмысындағы тиімділігі мен сотқа жүгінуші азаматтарға беретін мүмкіндіктері жайлы сөз етілді. Сонымен қатар, қатысушылар облыстық сот ғимаратында орналасқан сот мұражайы, сот тарихынан сыр шертетін құжаттар және мұражайда орналасқан құнды дүниелермен етене танысты. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне арналған «Баспасөз орталығы кабинеті» мен облыстық соттың ресми веб-сайты көрсетілді.
Пресс-тур барысында сот жүйесіндегі жаңа технологиялар аясында және медиацияны насихаттауға арналған бейнероликтер көрсетілді.
Қатысушылар ұйымдастырылған шараға өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта жиі өткізуге ұсыным білдірді.
Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі