МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ
«Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Жастар арасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді дәріптеу» тақырыбында семинар өтті. Арнайы жиын барысында Қызылорда облыстық «Тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Д.Рысбаев студенттерге облыстық денсаулық сақтау басқармасы және денсаулық сақтау ұйымдарымен 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет жүзеге асырылатынын айтты. Олардың бесеуі Денсаулық сақтау басқармасымен, 7-еуі емханамен, 5-еуі ауруханамен және біреуі медициналық колледжбен көрсетіледі.
Заңгердің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылдарды жеделдету үшін қажет. Кімде-кім өз уақытын тиімді пайдаланғысы келсе, жоғарыда аталған қызметтерді үйден немесе жұмыс орыннан шықпай - www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады», - деп тоқталып өтті ол.
Айта кетейік, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қандай да бір қызмет ал үшін, ең алдымен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) болу керек.
Айта кетейік, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қандай да бір қызмет ал үшін, ең алдымен электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) болу керек.