ТӘРТІПТІК КОМИССИЯ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
2016 жылдың 16 қараша күні облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында тәртіптік практиканы талдау негізінде мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмыстарының нәтижелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмыстарының нәтижелері бойынша ұйымдастырылған дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен облыстық жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының қала және аудан әкімдіктеріндегі тәртіптік комиссия төрағалары мен персоналды басқару қызметінің басшылары қатысты.
Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыстарын жандандыру, тәртіптік практиканы қолдану барысында заңбұзушылықтардың алдын алу және «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын» түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Ұзақұлы сөз сөйлеп, облыс аумағында мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазаларға тоқталып өтті. «Ағымдағы жылдың 9 айында облысымыздағы мемлекеттік органдардың 738 (365 жергілікті, 373 аумақтық) мемлекеттік қызметшісіне түрлі тәртіптік жаза қолданылған. Оның ішінде 21 мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, 11 мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығын», - деді ол.
Дөңгелек үстел барысында Депаратменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басқарма басшысы Қуаныш Әділбайұлы «Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы және қызметтік этика талаптарын сақталу мәселелері», Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің басшысы Талант Талғатұлы «Жергілікті атқарушы органдардың тәртіптік комиссиясының жұмысы бойынша», Депаратменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Алия Сатыбалдықызы «Тәртіптік практиканы талдау негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысының нәтижелері» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары әрбір тәртіптік жазаның артында мемлекеттік қызметшінің құқықтары, заң мүдделері бар екенін еске салды. «Сондықтан да тәртіптік жаза қолдану барысында заң талаптары қатаң сақталуы тиіс. Бұған мемлекеттік орган басшылары, тәртіптік комиссия төрағасы баса назар аудару қажет», - деп қорытындылады ол.
Арнайы жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-піркірлер айтылып, талқыланды.