КІНӘЛІ АЗАМАТТАР ТИІСТІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз орталығында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі полиция майоры Құдайберген Ержанның қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз брифингі өткізілді. Брифингте әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Полицейский в Кызылорде ударил водителя за отказ выключить камеру» деген атаумен тарап кеткен бейнежазбаға қатысты түсініктеме беріледі.
Аталған дерек бойынша департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы 2-бөлігі, яғни Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бейнежазбадағы қызметкердің жеке басы анықталып, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жауаптар алынды. Алайда бейнетүсірілім жасаған азаматтан арыз келіп түскен жоқ. Әзірге тексеріс жұмыстары жүргізілуде, тексерістің нәтижесі бойынша кінәлі азаматтар тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.
Соңғы кездері полиция қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері көрініс табатын бейнежазбалардың көбейіп кетуіне байланысты қазіргі таңда жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту, қызметтік және құқықтық даярлық жүйесінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін бұлжытпай сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста ілтипат пен ізеттілік көрсету бойынша сабақтар жүргізілуде.
Сөз соңында, халыққа егер де полиция қызметкерлері тарапынан орын алған дөрекілік, қоғам алдында адамдарды сыйламаушылық, тәртіпсіздік пен заңға қайшы әрекеттеріне куә болсаңыз, бейне және фотоаппаратқа түсіріп, департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына немесе Жергілікті полиция қызметіне келіп арыздануыңызға, сондай-ақ 272874, 212604 сенім телефондарына хабарласуыңызға болатындығын ескертеміз.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі