«ТІЛ – ПАРАСАТ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстың Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы жалпы орта, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен ұйымдардан 10 талапкер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов І орынды жеңіп алса, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 1-курс студенті Татьяна Соловьева ІІ орынды, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 4-курс студенті Галина Шамина ІІІ орынды иеленді.
Ал, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Галина Каменова және Қазалы ауданы, № 16 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Александра Лонкина ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен алғысхаттары, ескерткіш сыйлықтары тапсырылып, І орын алған жеңімпазға 2016 жылғы 24 қарашада Алматы қаласында өтетін «Тіл – парасат» байқауының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама берілді.