«ЖАС ОТАН» ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңыңда «Нұр Отан» Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиал қатары жаңа мүшелерді қабылдады. Салтанатты іс-шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тұңғыш Президент» мұражайында өтті.
«Жас Отан» Жастар қанатының қатары өз саласында түрлі жетістіктерге жетіп жүрген облысқа танымал жастармен толықты. Олардың қатарында Н.Бекежанов драма театрының жас актерлары, облыс абыройын республикалық жайдарман ойындарында қорғап жүрген жастар, «Қазақстан-Қызылорда» РТРК және облыстық «Сыр дидары» газетінің тілшілері, жұмысшы жастарымыз да бар.
- Бүгін біздің қатарымызға қоғамда беделді, тәжірибелі, іскер адамдардың қосылып отырғаны бәрімізге күш-жігер береді. Сондай-ақ, Елбасы өзінің кезекті Жолдауында осы маңызды құжаттағы айтылған тапсырмалардың жүзеге асырылуын жастарға жүктелуі бізге деген сенімнің жоғары екендігінің дәлелі және оны сіздермен бірігіп орындаймыз, - деп «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімінің басшысы Тлес Талғат атап өтті.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында жасотандықтардың саны 10 мыңнан асып отыр. Соған сәйкес түрлі бағыттағы іс-шараларда жастар арасында ұйытқы болуға өз үлесін тигізуде. Ағымдағы жылы жасотандықтар «Ардагерлерді ардақтайы», «Балалар біздің болашағымыз», «Таза тіл», «Кедергісіз келешек», «ЕХРО-2017» еріктілері тобын құрып жыл көлемінде көптеген жұмыстарды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, «Жастар-Отанға», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві», «Кеңес орталығы» жобалары да Қызылорда өңірінде нақты нәтижелер көрсетіп отыр.