ЖАС МАМАНДАРДЫ ҰЖЫМҒА БЕЙІМДЕУ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясында ұжымдық жұмысты дамыту мақсатында жас мамандарға арналған тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ОТД қоғаммен байланыс қызметі.
Тренинг «Біздің қолымыздан бәр келеді» деген ұранымен өтті. Үлкен ұжымда жас мамандардың ұжымға үйренісіп, тіл табысып кетуі қиындау. Осы орайда тимбилдинг технологиясы нақты мәселелерді шешуге, әріптестер арасындағы байланысты арттыруда көмектеседі.
Қатысушылар сәлемдесіп, бір бірімен танысып болған соң 4 топқа бөлінді: «Скорость», «Байтерек», «Казсат» және «Форсаж». Мұнан кейін командалар өздерінің мәселелерімен бөлісіп, жарыстағы берілген тапсырмаларды орындауға кірісті.
Барлық қатысушылар жүгіру, ұзындыққа секіру, интеллектуалдық ойын түрлерінен сынға түсті. Жас мамандар бастапқы кезде қай тапсырманы болмасын сәтті орындай бермейді, десекте ойын соңына дейін бар кедергілерді еңсерді. Сондай-ақ барлық 4 команда шығармашылық тапсырмалар мен тамаша қойылымдар да қойды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жарысқа қатысушылар ұжымдық ойынды жоғары дәрежеде өткізді.
Сайыс қорытындысында барлық командалар жүлделі орындарға ие болды. Күні бойы өткізілген жарыстан қызметкерлер арасында достық қарым-қатынастары нығайып, бір сәт жұмыстан серігіп қалды.