ГЕРМАНИЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ БОЛДЫ
Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Мамедов және Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Йорн Розенберг Сыр елінің бірлік пен татулықтың мекеніне айналған Достық үйінде болды. Бұл туралы облыстық ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Уәлихан Ибраев, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Ең бірінші олар Достық үйінің музейін аралап, ондағы этнос өкілдерінің бірнеше ғасырлық тарихы, мәдениетімен танысты. Әзірбайжан елшісі Рашад Мамедов алғы сөзінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ел саясатын жүзеге асыру үшін құрылған, әлемде теңдесі жоқ қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы жайында кеңінен айта келе, әсем ғимаратта этномәдени бірлестіктер қызметін дамытуға барлық жағдай жасалғандығын тілге тиек етті.
«Достық үйі – бейбітшілік пен келісім, жарқын бастамалардың және көп функционалды ресурстық орталықтардың шаңырағына айналды», – деп атап өтті.
Қызылорда облысында этносаралық келісімді нығайту саласында этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда, Әзірбайжан Республикасының елшісі өз сапарының мақсатымен бөлісіп, әзірбайжан диаспорасының өкілдеріне, облыс аумағында тұрып жатқан барлық этностармен достық пен келісімде тіршілік етіп, елшілік тарапынан қандай да көмек керек болған жағдайда қол ұшын созуға дайын екендігін ескере кетті.
Айта кетейік, Сыр өңірінде 300-ге жуық әзірбайжан этносының өкілдері тұрып жатыр. Ал, неміс этнос өкілдері барлығы 145 адам болса, аралас неміс этнос өкілдері 1000-ға жуық.
Кездесуде «Wiedergeburt» неміс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ирина Николаевна сөз сөйлеп, тарихи отанмен ашық байланыс орнатуға атсалысқан бас консул Йорн Розенбергке айрықша ризашылығын білдірді. Сонымен бірге, келген қонақтар неміс және славяне қоғамдық бірлестігінің жұмыстарымен танысты.
Кездесу соңында Рашад Мамедов «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры У.Ибраевқа «Қос халық, бір тағдыр» және «Вечная дорога жизни» атты мультимәдениетті кітабын табыстады. Бас консул Йорн Розенбергте өз тарапынан «Wiedergeburt» неміс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне естелік сыйлықтарын сыйлады.