ПАРТИЯЛЫҚТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ЗЕЙНЕТКЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен филиал бөлмесінде "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында "Мейірімділік ғажайып өмір есігі" атты қайырылымдылық акциясы өтті. Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды.
«Партияның ең басты міндеті ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, барлық әлеуметтік қажеттіліктеріне қол жеткізуге, оларға кедергісіз ортаны қалыптастыру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, оларды әлеуметтік, экономикалық өмірге бейімдеу де басты назарымызда.» - деп өз ойымен бөлісті Ануар Дауленбаев.
Өтінішпен келген жалғыз басты кейуана Ниязкуль Ухина апай Ресей елінің Орынбор қаласына көзіне ота жасауға жолдама алғанын зинет ақысы жетпей тұрғандықтан «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалынан 60 мың теңге көлемінде барып келу жол шығынына қаржылай көмек сұраған болатын.
«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ануар Дауленбаев, Қармақшы аудандық мәслихат депутаты Еркін Рзалиев және партия кәсіпкері Сейл Жумадьяров қаржылай көмегін беріп, сәт сапар тілеп, әр қашанда көмек қолын созуға әзір екенін жеткізді.
Өз кезегінде жалғыз басты қарт Ухина Ниязкуль апай шексіз алғысын білдіріп, батасын берді.
Жалпы жыл басынан бастап «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалына "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында 11 өтініш келіп, оның 3 оң шешімі бойынша қанағаттандырылды.