ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Байқоңырда «Жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға арналған кәсіпкерлік» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Шараны «ҮЕҰ үшін ақпараттық-ресурстық орталықтарды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы мен «Байқоңыр азаматтық құқықты қолдау» қоғамдық бірлестігі Төретам және Ақай елді мекендерінде ұйымдастырған. Бұл туралы қауымдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Семинарға бизнес-тренер ретінде «Даму» қорының облыстағы филиалының бас менеджері Анар Қожаниязова шақырылған. Іс-шара Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті аппараты ұйымдастыру-әдістемелік кеңесінің арнайы өкілінің қолдауымен өтті.
Семинар барысында қатысушылар өз бизнесін, маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңды негіздері, қаржы, кәсіпкерлік тәуекелдер мен бизнес үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдысын құру және іске қосылған негіздері бойынша білім алды. Сондай-ақ, қатысушылар бизнес жасауға дайындықтарын анықтайтын арнайы тесттен өтті.
Фариза ОМАРОВА