ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫ ЕЛ БІРЛІГІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН
Шиелі кентіндегі «Арман» мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезекті ХХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.
Конференцияның барысында «Нұр Отан» патриясы Шиелі аудандық филиалы саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары атқарған жұмыстары, аудандық филиал саяси кеңесі құрамын сайлау және партияның Қызылорда облыстық филиалында өтетін конференцияға делегаттар сайлау сынды үш мәселе қаралды.
Жиынды аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен, партия мүшесі Ж.Ахметов мандат комиссиясының жұмысымен таныстырып өтті.
Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ә.Ерсұлтанов сөз сөйлеп, Сыр өңірінің талай сындарлы сәтте сыр бермей, алдарындағы міндеттерді табысты орындаған, жерді ғана емес, ғарышты да игеруге жол салған киелі мекен екендігін негізге алды.
Жиын соңында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаев аудан көлемінде атқарылған бірқатар шаруаларды тілге тиек етіп, конференцияны қорытындылады.