РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Жақында Шымкент қаласында республикалық «SOROBAN» академиясының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында ментальді арифметикадан ІV республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық дарынды мектеп оқушылары қатысты.
Олардың қатарында Қармақшы ауданындағы №30 орта мектептің ментальді арифметика курсының мүшелері де өз бақтарын сынады. Нәтижесінде аталмыш мектептің шәкірті Сымбат Ұзақбаева 8 минутта 80 математикалық есепті шығарып, І орынды жеңіп алды. Екінші бір шәкірті Динара Жұманова 12 минутта 80 есеп шығарып, жүлделі ІІ орынды иемденіп, аудан абыройын асқақтатты.
Сондай-ақ, осындай талантты шәкірттерді тәрбиелеген Ләззат Шерипова «SOROBAN» академиясының «Үздік тренер» сертификатына ие болды.