ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен қараша айының 14-20 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өткізілуде.
Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады. Аталған акция аясында қараша айының 14 күні Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері облыс орталығындағы «Нұр-бөбек-Орда» мектепке дейінгі мекемесінің бүлдіршіндерімен кездесті. Балабақша тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме сабақтарын жүргізіп, жолда абай болуға шақырды. «Жолдос көмекке асығады» анимациялық мультфильмі көрсетіліп, түрлі-түсті суреттерден құралған, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыратын көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі